Сенім мен Мүмкіндік
Қоғамдағы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге қатысты ең басты мәселе — олардың киімі немесе тамағы емес. Ең қауіптісі — олардың болашаққа деген үмітсіздігі және қоғамдағы тең мүмкіндіктердің болмауы.
AINA — бұл белсенді студенттер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы нағыз КӨПІР. Біздің шешім: әрбір университетте AINA клубтарын ашу арқылы, балаларды студенттік өмірге араластыру, менторлық жасау және оларды мамандық таңдауға, көшбасшылыққа бағыттау.
«Үмітсіз шайтан»
Біздің басты миссиямыз — балаларға білім мен студенттік өмірдің жарқын жақтарын көрсетіп, олардың жүрегіне «менің де қолымнан келеді» деген үміт отын жағу.
Махаббат
Толеранттылық, құрметтілік, мейірім, бауырмалдық және сүйіспеншілік.
Отбасы
Бір-біріне қолдау көрсету, ортаға бейімделу, кешіре білу, ашықтық және бір-бірін сағыну.
Шам
Білім мен сенім арқылы қараңғылықты сейілту, өмір жолын нұсқап, жол көрсету.
Жауапкершілік
Болашақ алдындағы, жүрегі жаралы балалар мен тұтас қоғам алдындағы қасиетті міндет.